Күң оқиғасы хадисіне талдау Ұлы Жаратушының жаршысы Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ислам ақидасының негізін, мән-мағынасын, мақсатын, діндегі алар орнын баяндап толық жеткізді. Үзеңгілес серіктері сахабалары да Ислам ақидасының саф күйінше сақталуына, толық, әрі дұрыс насихатталуына бар күшін салды. Олардан кейінгі ақжал толқын табиғиндер және таба-табиғиндер, сондай-ақ, Ислам ғұламаларының да ат салысуымен осы хақ сенім Ұлы Жаратушының құдыретімен бүгінгі күнге дейін сақталып, «әһлү сүнна уал жамаға» ақидасы болып бекіді. Ал, Хақ Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалыптастырған ақида шеңберінен шығушылардың пайда болуына әртүрлі саяси топтардың ортаға шығуы, Ислам қоғамы шекарасының кеңейуі, сан алуан ұлттардың исламға кіруі, көптеген туындауы әсер етті. Бұлай бүлінушілік һижраның алғашқы жүз жылдығында пайда болды. Мұсылмандардың арасында көтерілген халифат мәселесі де олардың өзара бөлінуіне жол ашты. Бұл бөлінушілік саяси жағымен шектеліп қалмады, мұсылмандардың сенімі тұрғысынан да бөлінуге әкеп соқты. Осы орайда қазіргі таңдағы өзекті мәселеге айналған күң оқиғасы туралы хадистегі «Алла қайда?» деген сауалдың астарын, қандай мәнде айтылғандығын, сондай-ақ, сол хадистің өзін хадис ғылымы тұрғысынан кеңінен тоқалмақпыз. «Күң оқиғасы» туралы хадисінің 7-түрлі тізбекпен келіп, хадис іліміндегі дінімізді таза сақтап, жалған хабарлардың еніп кетуінен қорғау үшін негізделген «Ғилму риуаяһ» және «Ғилму дираяһ» шарттарына сәйкес – әлсіз «дағиф», рауилерге қарама-қайшы «Шәз» және «Мұдтариб» хадис болып табылады. Ислам ғұламаларының күң оқиғасы туралы хадис мәтінінің жеткізу жолдарына көз жүгіртіп, хадистің дәрежесін зерттеп, саралай отырып, салыстырып көрелік: عن معاوية بن الحكم السلمي قال: كانت لي غنم بين أحد والجوانية، فيها جارية لي. فاطلعتها ذات يوم فإذا الذئب قد ذهب منها بشاة وأنا رجل من بني آدم فأسفت فصككتها فأتيت النبي فذكرت ذلك له فعظم ذلك علي، فقلت: يا رسول الله، أفلا أعتقها. قال: "ادعها" فدعوتها. فقال لها: أين الله؟ قالت: في السماء. قال: من أنا؟ قالت: أنت رسول الله . "رواه مسلم وأبو داود والنسائي" Жалғасын оқыңыздар http://azan.kz/article/show/id/6898.html

Теги других блогов: Ислам хадис ғұламалар